16 жел, 2016 сағат 11:37

Оңтүстік-солтүстік қытайларының қырқысы: нағыз қытай кім?

Қытайдың ішкі сырын қарамаққа кәнігі жұрт оңай байқай бермейді. Былайғы жұрт қытайды біртұтас, біріңғай, біртілді, біртиіпті xалық деп сезінеді. Шынтуайтында, қытай өте күрделі ұлт. Жүзден астам тариxи этнос пен оннан астам ұлыс, xалықтардың қырық құрақ құрауынан қалыптасқан xалық. Сондай күрделі дүниенің бірі - қытайда қалыптасқан "оңтүстік пен солтүстік" айырмашылығы. Ұзақтан бері дауы тарқамаған ішкі қақтығыс.

Бірінші, оңтүстік қытайлықтардың пікірінше солтүстік қытайлар таза қытай емес, қойғыртпақ қытай, ол қытайлар көне көшпенді ғұн, түркі, моғол-татарлар мен манжурлардың ұзақ уақыт араласуынан қалыптасқан һәм кейін қытайланған xалық.

Екінші, оңтүстік қытайлықтардың пікірінше солтүстік қытайлар тілі мен акценті таза қытайдің тілі мен акценті емес. Ғұн, түркі, моғол мен манжулардың ықпалында қалыптасқан дүбәра, шұбар, қойғыртпақ тілге жатқызады. Көменес үкімет қытайдың біртұтас акценті ретінде солтүстік қытайлықтардың сөйлеу акцентін заңға енгізгендіктен күшпен үйретіп жатыр.

Үшінші, оңтүстік қытайлықтардың танымында солтүстік қытайлар қытайдың төл өркениетімен өмір сүрмейді, салт-дәстүрі дүбәра, көшпенді ғұн, түркілердің ықпалында көп қалған, солардың сарқыншағын илейді деп санайды да Шын қытайдың өркениеті оңтүстікте деп есептейді.

Төртінші, оңтүстік қытайлықтар қытайдың байырғы иероглифын қолданып жатырмыз деп солтүстік қытайлықтардың иероглифке жасаған реформасына мойынсал болмайды. Солтүстік жеңіл иероглифты (简体字) қолданады, оңтүстік бұған күні бүгінге дейін наразы, олар классик байырғы иероглифты қолданады (繁体字).

Бесінші, ұлттық демократия, ұлттық бұржуазия мен батысшыл саяси элита көбінде оңтүстік қытайлықтардың арасында қалыптасты. Олар батыстың өркениет сәулесінің ықпалына ерте ұшырады. Сол себепті, қытайдың ұлттық бұржуазиясы мен элитасы оңтүстік теңіз жағалауындағы қалалар мен елді-мекенде өркен жайды. Тіпті қытайдың ұлт зиялылары құрған ұлтшылдардың Гоминдаң үкіметінің орталығы да оңтүстік қытайлықтардың аумағында болды. Жапондар қытай астанасы Нанкинді басып алса да олар астанасын тағы да оңтүстік өңірдің ірі саяси қаласы Чун Чинге көшірді. Ал, солтүстік қытай мәскеудің көмегімен жаңа үкіметінің астанасын Моғол-татар қағанатының жалғасы құбылай билігі мен ірі қағанат Цин манжуларының саяси, мәдени орталығы Пекинге ауысқан. Оған дейінгі саяси орталық Ян Ан'да солтүстікт қытайдың аумағында болған.

Алтыншы, қазіргі қытай билігі ішінен екі топқа бөлінеді. Бірі, реформашылдар (оңтүстікшілдер), келесі бірі партияға, МАО-ға адал көнешілдер. Қытайдағы небір саяси күрестер осы екі ірі топтың тайталастығынан болып жатады.

Жалпы, сосын қытай тілінде екі мыңнан астам акцент, оннан астам аумақтық диалект сақталған. біз көрсеткендер "оңтүстік-солтүстік" айырмашылығының сыртқы көрінісі ғана. Олар өз ішінен тағы басқа түрлі айырмашылық пен қайшылықтарға бөлінеді. Оны да терең зерттеуіміз тиіс.

Тағысын тағылар ...

Орда Елдестің фейсбуктегі жазбасынан