Қазақстан өзінің барлық ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы үшін өнеркәсіп саясатына баса назар салуы керек. Бұл туралы мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында да айтқан болатын.
«Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз. Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек», - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда айтқан сөзінде.
Өнеркәсіп саласын дамыту үшін саланы бақылап, реттеу және өндіріс ашу, орта-және шақын кәсіпкерлікті дамыту бағытында ынталандыру және қолдау жұмыстарына баса назар аудару керек екенін Президент жиі айтып жүр.
Президенттің сөзінше сатып алынатын тауарлардың ішінде отандық өндірушілерге басымдық беріліп, өз өндірушілерімізді қолдау керектігін де атап өтті.
Қазақстанда шикізатқа тәуелділікті азайту мақсатында өндіру, өңдеу саласына баса назар аударылып отыр. 2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 пайызыд құраған екен. Оның ішінде әсіресе метал өнімдерін өңдеу, машина жасау мен химия өнеркәсібі алдыңғы орында көрінеді.
Өңдеу секторында соңғы жылдары өсім байқалады. Тұрақты даму жалғасатын болса, экономиканың негізгі драйверіне айналуы да мүмкін.
