24 нау, 2024 сағат 13:49

Олжас Бектенов Ресей елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.


Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.


 Осы оқиға салдарынан 115 адамның мерт болып, Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.