06 там, 2025 сағат 17:21

Олжас Бектенов Көлік министрлігі мен Қаржы министрлігін шекара бекеттерін қайта құрудағы кідірістер үшін қатты сынға алды


Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектенов Көлік министрлігі мен Қаржы министрлігін шекара бекеттерін қайта құрудағы кідірістер үшін қатты сынға алды, деп хабарлайды Ult.kz prokadrykz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Олжас Бектенов жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы 35 жастағы Жандос Дүйсембиев (2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалды) және ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы 46 жастағы Төлеген Абдуллин (2023 жылғы қарашада тағайындалған) жауапкершілікке тартуды тапсырды. 

Министрліктердің жауапты басшылары жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін өңірлерге жіберілді. Кеден қызметінің кадр құрамына, әсіресе өткізу пункттеріне тартылған талаптарды қатаңдату, сондай-ақ жабдықпен жарақтандыру және интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша міндеттер қойылды.

Көлік, қаржы министрлеріне өткізу пункттерін реконструкциялау барысы туралы Премьер-министрге апта сайын есеп беру тапсырылды.