04 мау, 2021 сағат 15:14

Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы Мо Фара Токио ойындарынан кейін мансабын аяқтамақ


Орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіретін британдық спортшы Мо Фара Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарынан кейін спорттық мансабын аяқтауға ниетті. Бұл туралы The Times газеті хабарлады.

«Бұл жөнінде бұрын да айтқанмын, қазіргі кезде де бұған ниетім бар. Олимпиаданы есепке алмағанда, мен тағы бір-екі марафон өткізіп, осымен тәмамдаймын. Мен уақыттың көбін балаларыммен бірге өткізуім керек», - деді Фара. 

Фара 38 жаста, ол 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарында 5 000 м және 10 000 м жүгіруден екі алтын медальдан жеңіп алған. Сондай-ақ, оның қанжығасында әлем чемпионаттарындағы алты жеңіс пен Еуропа чемпионаттарында қол жеткізілген бес жеңіс бар. Спортшы бұған Альберто Салазардың жетекшілігімен жаттыққан кезде қол жеткізді. Фара сондай-ақ екі миль (3 218 м) қашықтыққа жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан.