Софтболдан жапондық команданың жеңіп алған алтын медалін тістеп көрген орталық Жапония мэрінің әрекеті біраз шу шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Нагоя қаласының мэрі Такаши Кавамураның бұл қылығы сәрсенбі күні қаланың 20 жастағы тумасы Миу Готоның Токиодағы Олимпиада ойындарында Құрама Штаттар командасын жеңген соң муниципалдық билікке келгенінде орын алған.
Гото медальді Кавамураның мойнына ілгенінде, ол әуелі оны ұстап тұрып, «ауыр екен» деген соң, кенеттен одан сұрамай медальді тістеп алды.
Твиттерде көп адам бұл әрекеттің Жапонияда «коронавирус оқиғаларының көбеюі кезінде хабардарлықтың жеткіліксіздігін» танытып отырғанын айтты.
Гото ойнап жүрген клуб командасына иелік етіп отырған Toyota Motor Corp. Кавамураға қатысты сын айтып, «бұл – лайықсыз, әрі құрметке тұрмайтын әрекет», деп жазды.
«Біз мэрдің өзін тиісті түрде, көшбасшы сияқты ұстанатынына сенгіміз келеді», - деп мәлімдеді компанияныың Нагояға жақын орналасқан бөлімшесінен.
Сәрсенбі күні Кавамура өз әрекеті үшін кешірім сұраған. «Бұл менің құштарлығымның көрінісі еді. Қандай да бір проблемалар туындатқаныма өкініш білдіремін», - деді ол өз мәлімдемесінде.