13 қаз, 2024 сағат 13:03

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны болды

Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны жаңа капитаны болып Назым Қызайбай сайланды. 

"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.


Айта кетейік, қазір боксшылардың әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қызу дайындықтықты бастап кетті. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.