Бейжің Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде фристайл-могулдан ерлер арасындағы іріктеу сыны аяқталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші іріктеу айналымында ел намысын қорғаған екі спортшымыз да үздік ондыққа енген жоқ. Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен 12-орын алды.
Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-орында. Екі спортшымыз да 5 ақпан күні өтетін іріктеу кезеңінің екінші айналымында сынға түседі.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енген могулшылар финалға бірден жолдама алды. Дәл қазір канадалық Микаэль Кингсбери 81.15 ұпаймен көш бастап келеді.