Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін үлкен трамплиннен трамплиннен секіруден іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл сайыста Қазақстан атынан Даниил Васильев пен Сергей Ткаченко бақ сынады.
Өкінішке қарай, екеуі де келесі кезеңге жолдама алатын 50 спортшының қатарына іліге алмады.
Васильев 69.4 ұпаймен (103 м) 51-орынға ие болса, Ткаченко 54-орынға (60,7 ұпай, 98,5 м) табан тіреді.