Ертең Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар төрт спорт түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.
07:12 – Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жеке. 200 метр
Маргарита Торлопова
07:47 – Гребля на байдарках и каноэ. Әйелдер. Жеке. 500 метр
Наталья Сергеева
08:30 – Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал.
57 кг. Нұрислам Санаев – Диамантино Юна Фафе (Гвинея-Бисау)
12:18 – Бокс. Ерлер. Жартылай финал.
+91 кг. Қамшыбек Коңқабаев – Ричард Торрес (АҚШ)
12:30 – Велотрек. Ерлер. Спринт. Біліктілік
Сергей Пономарев.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында Қазақстан еншісінде әзірге үш медаль бар. Барлығы – қола. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды.