18 ақп, 2022 сағат 16:45

Олимпиада: Қазақстандық конькишілер жүлдеге ілікпеді


Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 1000 метрлік бәсеке аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан сапынан жоғары нәтижені Дмитрий Морозов тіркеді. Ол 17-ші орында (1:09,61 уақыт көрсеткішімен), ал Денис Кузин 23-ші сатыда (1:10,07 уақыт көрсеткішімен). 

Алтын медальді нидерландтық Томас Крол, күмісті канадалық Лорен Дюбей, қоланы норвегиялық Ховар Хольмефьюр Лорентсен иеленді. 

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. 

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.