Токио Олимпиадасында дзюдошы Дидар Хамза алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық спортшы 81 келі салмақта татамиге шықты. Ол Моңғолия атынан сынға түсіп жатқан ирандық Саид Моллаимен күресті.
Саид Моллаи - тәжірибелі спортшының бірі. 2018 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия ойындарында күміс жүлдегер болды.
Белдесу барысында Дидар қарсыласына иппон әдісімен есе жіберіп қойды.
Еске салсақ, бұл Олимпиадада дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов қола жүлдегер атанды.