27 шіл, 2021 сағат 18:24

Олимпиада: Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты


Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық спортшы 200 метрлік қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жақсы нәтиже көрсетті. Ол аталған межені 2:08.99 уақытта орындады. 

Осылайша жарысқа түскен сегіздіктің арасында төртінші орынға қол жеткізді. Нәтижесінде ертең, 28 шілдеде өтетін жартылай финалға жолдама алды. 

Аталған қашықтықтағы финал 29 шілдеге белгіленген. 

Айта кетейік, 2016 жылы Рио Олимпиадасында ол аталған сайыс түрінде чемпион атанған болатын. 

Бұл - еліміздің суға жүзу спортындағы әзірге ең жоғары көрсеткіш.

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасында бұдан бұрын 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалдан тыс қалды.