Қазақстандық Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке сыйлық жасады. Бұл туралы спортшы өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен бұл күнді ұмытпаймын. Кешегі жазбадан бір күн өтпей, бүгін түстен кейін маған бейтаныс нөмірден қоңырау шалды. Ол Александр Винокуровтың өзі болып шықты. Ол менің жазбамды оқып, олимпиададағы жоғары нәтижеммен құттықтау үшін үйіне шақырды. Мен үшін оның қоңырауы тосынсый болды. Маған @vinobike велосипедін сыйлайды деп тіпті ойламадым! Әлемдік велоспорттың аңызға айналған чемпионы және нағыз тұлға @alexandrvinokurov-қа алғысымды айтамын! Біздің спортқа жасап жатқан істеріңіз үшін және маған көрсеткен қолдауыңыз үшін рақмет», - деп жазды спортшы.
Әжіғалиевке сыйлаған велосипед жаңа жеңістерге жетуіне септігін тигізетінін тілеп, жауап берді. «@abzal_azhgaliyev-пен жылы кездесу болды. Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсеткені үшін бүкіл спорт қауымы атынан алғыс айтып, әлем чемпионатына сәттілік тіледім. Бұл @Vinobike велосипеді сәттілік әкеліп, жеңіске жетуге көмектеседі деп сенемін! # teamkz», - деді Винокуров.
Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында Әжіғалиев 500 метрге жүгіруден төртінші орын алған болатын. Сондай-ақ, ол Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан еді.