Токио Олимпиадасында әйелдер күресінен қазақстандық Татьяна Ахметова (53 келі) белдесуін өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық спортшы польшалық Роксана Марта Засинамен шеберлік байқасты. Тартысты бәсекеде жеңіс 3:2 есебімен польшалық балуанға бұйырды.
Одан кейін поляк спортшысы жапониялық Маю Мукаидодан 2:12 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Салдарынан Татьяна жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Жарыс ережесі бойынша алғашқы белдесуде жеңілген балуанның қарсыласы финалға шыққан жағдайда ол жұбаныш белдесуіне қатыса алатын еді.