05 там, 2021 сағат 20:14

Олимпиада-2020: Қазақстандық спортшылардың 6 тамыздағы жарыс кестесі


6 тамызда қазақстандықтар жеті спорт түрінен жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ертең балуан Данияр Қайсанов қола медаль үшін белдеседі. Сондай-ақ, Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали бозкілемге шығады. 

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыс кестесі: 

06:37 – Байдарка және каноэде есу. Әйелдер. Жұп. 500 метр 

Светлана Усова, Маргарита Торлопова 

06:52 – Байдарка және каноэде есу. Ерлер. Жеке. 1000 метр 

Сергей Емельянов 

07:20 – Көркем гимнастика. Көпсайыс. Біліктілік

Алина Әділханова 

08:30 – Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал 

65 кг. Дәулет Ниязбеков — Алехандро Вальдес (Куба) 

97 кг. Әлішер Ерғали — Мохаммед Фардж (Алжир) 

08:30 – Еркін күрес. Әйелдер. 1/8 финал

50 кг. Валентина Исламова — Люсия Йепес (Эквадор) 

11:54 – Қазіргі бессайыс. Әйелдер 

Елена Потапенко 

13:30 – Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. 20 шақырым. Әйелдер 

Айман Ратова 

14:00 – Каратэ. Ерлер 

75 кг. Нұрқанат Ажиканов 

15:50 – Еркін күрес. Ерлер. «Қола» үшін тартыс 

74 кг. Данияр Қайсанов.