04 там, 2021 сағат 21:30

Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында?


Бүгін қазақстандық спортшылар Токиодағы Олимпиада ойындарында тағы бір медальді иеленді. Қола медальды Қазақстан қоржынына боксшы Қамшыбек Қоңқабаев салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың он екінші күнінен кейін Қазақстан құрамасы төрт қола медальмен медальдық есепте 75-орында тұр. Тізімде бұрынғыша Қытай (32-22-16) көш бастауда. Екінші орында – АҚШ (25-31-23), үшінші орында – Жапония (21-7-12) тұр. Посткеңестік елдер арасындағы үздігі Ресей (14-21-18) алтыншы орында. 

Одан кейінгі орындарда Грузия — 23-ші орында (2-4-1), Өзбекстан — 30-орында (2-0-1), Украина — 37-орында (1-2-8), Беларусь, Эстония және Латвия — 53-орында (1-0-1), Армения мен Қырғызстан — 61-орында (0-2-1), Түрікменстан — 71-орында (0-1-0) және Әзербайжан — 76-орында (0-0-3). 

Олимпиада-2020 ойындарының 4 тамыздағы медальдық есепте үздік ондықта тұрған елдер:

1. Қытай — 32-22-16 

2. АҚШ — 25-31-23 

3. Жапония — 21-7-12 

4. Ұлыбритания — 15-18-15 

5. Австралия — 15-4-17 

6. Ресей — 14-21-18 

7. Германия — 8-8-16 

8. Франция — 6-10-9 

9. Италия — 6-9-15 

10. Нидерланды — 6-8-9 

75. Қазақстан — 0-0-4.