Лондон - 2012 Олимпиадасының чемпионы, Бейжің-2008 және Рио-2016 Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Рыпакова алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер сізге жеңіл атлетика федерациясына басшылық лауазым ұсынылса, сол жерге барасыз ба немесе өзіңізге және отбасыңызға көбірек көңіл бөлесіз бе?» - деп сұрады тілшілер.
Жеңіл атлет өзі үшін әрдайым отбасы бірінші орында екенін айтты.
«Олар мені спортта да қолдаған еді. Әрине, бұл өте қиын. Көптеген адамдар спорт үшін қандай құрбандықтар жасайсыз деп сұрайды. Бұл менің отбасым, балаларым. Әрине, жақын арада балаларыма және отбасыма көбірек көңіл бөлгім келеді. Отбасы бірінші орында, қалғанын көре жатармыз», - деді Рыпакова Орталық коммукникациялар қызметінде.
Ол спортпен байланысты барлық мәселелерді әкесімен талқылайтынын атап өтті.
«Әкем – бала кезімнен менің жаттықтырушым. Мені және спортты байланыстыратын барлық мәселелер, болашаққа жоспарлар бірлесіп талқыланады. Алдағы жоспарды әлі талқыламадық. Ертең де емес, мүмкін келесі аптада алдағы жоспарларды, болашақ өмірді талқылайтын шығармыз. Менің ойымша, бұл тез шешілуі тиіс мәселе емес. Барлығын, қалай өмір сүру керек, келесі жарыстарға жаттығу керек пе, Азия ойындарына дайындалу керек пе – нақтылайтын уақыт бар. Азия ойындарына дейін спортта қалу туралы да ұсыныстар болды», - дейді Рыпакова.