Бұл туралы спортшы телефон арқылы Рио-де-Жанейродан хабарлады. Ол барлығына қолдап, құттықтағандары үшін рахмет айтып, Олимпиада ойындарына дайындық барысында көмек көрсеткен облыс әкімі Даниал Ахметовке ерекше алғысын білдірді.
Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында үш аттап секіруден қола медальді жеңіп алған Ольга Рыпакова, тамыз айының 24-і мен 27-сі аралығында швейцариялық Лозаннада өтетін «Бриллиант лигасына» қатысады.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Ольга Рыпакованы қола медальді жеңіп алған күні құттықтады. «Олимпиада ойындарында кезекті медальді жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Халықаралық спорт аренасында бұл медальдің Қазақстан үшін маңызы зор. Сіздің Олимпиада ойындарында көрсеткен жоғары көрсеткіштеріңіз өсіп келе жатқан спортшылар үшін үлгі-өнеге. Өзіңізге жарқын жеңістер, алда әлі де талай биік шыңдарды бағындыруыңызға тілектеспін!», - деді Даниал Ахметов.
Рио-де-Жанейродан спортшы барлығына қолдау көрсетіп, құттықтағандары үшін алғысын білдірді. «Баршаларыңызға мені қолдап, құттықтап жатқандарыңыз үшін үлкен рахмет! Олимпиада ойындарына дайындық барысында көп көмек көрсеткен облыс әкіміне ерекше алғыс айтқым келеді», – деді Ольга Рыпакова.
Айта кету керек, сапалы жаттығу барысы үшін келісімшарт негізінде Республиканың үздік дәрігерлері мен кеңесшілері тартылды. Спортшының жеке жаттықтырушылары мен мамандарының республикадағы, шетелдердегі, соның ішінде Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу мәселесі шешілді.
Облыстық дене шынықтыру-спорт диспансері толық көлемде медициналық қолдаумен қамтыды. Сонымен қатар, әкімнің ай сайынғы стипендиясы төлеу мәселесі шешілді.