Фото: polisia.kz видеодан скрин
Ақтөбеде полицейлер ақша бопсалады деген күдікпен бір топ студентті ұстады, - деп хабарлайды Ult.kz.
Polisia.kz телеграм арнасының хабарлауынша:
"Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған" делінген хабарламада.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақтылы ден қоюдың маңыздылығына мән беріп, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырды" деп қосты полиция.