03 қар, 2017 сағат 21:23

ОҚО-ның жас ақындары тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін жырға қосты

Оңтүстік Қазақстан облысында мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр тұнған жүрек» облыстық жыр мүшәйрасы өтті. Байқауға өңірдің аудан, қалаларынан 28 жас жазба ақын қатысып, егеменді ел жетістіктері мен облыстың қадір-қасиетін жырға қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада тәуелсіздік жылдарындаға қазақ елінің жеткен жетістіктері айтылды. Жас сөз зергерлері «Тəуелсіздігім - тірегім», «Оңтүстігім - жыр елім» тақырыптары аясында өлең өрді.

Бірінен бірі озған ақындар жиналған көпшілікті дарындарымен, суырып салмалығымен тәнті етті. Байқау қортындысында олардың шығармалары сарапқа салынып, бас жүлде М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Нұркен Нұрғазыға берілді. Бірінші орынды төлебилік Қанығали Боранбай иемденсе, екінші орын М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Бекзат Нұртайдың еншісіне бұйырды. Үшінді орынға Отырар ауданы, Шəуілдір ауылынан Балнұр Балтабайқызы ие болды. Жеңімпаздарға облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Нұрлан Əділханов алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табыстады.

«Қаншама ақыны мен дарыны туған күнгей өлкенің жас таланттарын ел ішінен іздеп табу, оларға қолдау көрсету облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының негізгі міндеті болмақ. Бүгінгі жыр мүшәйрасының да мақсаты қаламынан қара өлең тудырған жаңа толқын ақындарды тану, іріктеу, аға буын өкілдерімен пікір алмастыра отырып, шығармашылық ізденісті арттыруға жағдай жасау. Шара алдағы уақытта дəстүрлі түрде өтіп отырады»,-деді орталық директорының орынбасары Берік Жорабеков.