04 қаз, 2017 сағат 14:40

ОҚО-дағы профессор латын әліпбиіне көшудің 22 себебін атады

Оңтүстік Қазақстан облысының профессоры Құлахмет Молдабек латын әліпбиіне көшудің 22 себебін атады. Педагогика ғылымдары докторының сөзінше әліпбиді көшірудің тиімді тұстары жетерлік, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Профессордың айтуынша латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мол.

Мәселен:

1. Қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады;

2. Елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызады;

3. Әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізеді;

4. Қазақстан қоғамының басын біріктіреді;

5. Қазақша сөйлейтіндердің санын көбейтеді;

6. Қазақ тілінің мәртебесін биікке көтереді;

7. Көптеген шет елдермен өзара қарым-қатынас жағдайында жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады;

8. Интернетті игеруді жеңілдетеді;

9. Ағылшын тілін меңгеруді оңайлатады;

10. Емлемізді, ережемізді, орфографиямызды жаңғыртады;

11. Тіліміздегі жазу сауаттылығын арттырады;

12. Емле, лексика, орфоэпия мәселелерін жөнге келтіреді;

13. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптарының латын әрпіне негізделген;

14. Түркі халықтары да латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиге көшеді;

15. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын әрпімен жазылғады;

16. Компьютерлік техникалардың көпшілігінің латын әліпбимен жұмыс істейді;

17: Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқартылады;

18. Сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады;

19. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарады;

20. Ол балабақша мен бастауыш мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үдерісін жеңілдетеді;

21. Уақыт та, қаржы да үнемделеді;

22. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.