31 қаз, 2017 сағат 16:53

ОҚО-да шетел жұмыс күші есебінен жергілікті бюджетке 1,4 млрд теңге түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 4983 бірлік квота бөлінген. Квота негізінде 88 кәсіпорын мен ұйымда 3307 шетел азаматтарына рұқсат берілді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2017 жылы Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерімен меморандумдар түзіліп, облыстан 686 мүшесі бар 163 отбасы қоныс аударған.

«Біздің өңірден қоныс аударған азаматтар жермен, тұрақты жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруға республикалық бюджеттен 11429,8 млн. теңге бөлініп, 64314 адам қамтылатыны көзделді. Сондай-ақ, 2017 жылы 1500 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқытуға, 813 адамды шағын несиелеуге қатыстыру жоспарланып, жалпы 2313 адамды қамтуға 5823,4 млн.теңге қаржы қаралды», - деді Мұхит Отаршиев.

Айта кетейік, «Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық алған. Ағымдағы жылдың  Облыста «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру нәтижесінде, шартты ақшалай көмек алушылардың табысы 4,2 есеге артып, орта есеппен айына 1 адамға 23 мың теңгеге жетіп отыр.