Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайымның Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымының дайындық барысы туралы берген баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгінге дейін білім саласына қажетті 134 мың тонна қатты отынның 72,5 мың тоннасын, денсаулық сақтау саласына қажетті 27,5 мың тоннаның 25,5 мың тоннасын, мәдениет саласына 422 тн, спорт саласына 1,7 мың тн, жұмыспен қамту саласына 1,7 мың тн. қатты отын жеткізіп үлгердік. Сол сияқты облыстағы бюджеттік мекемелерге қажетті сұйық отын көлемі 5,8 млн. литр болса, бүгінгі күнге тасымалданғаны 2,6 млн. литр, яғни, жұмыстар 45%-ға орындалды. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті қатты отын (көмір) көлемі 106,014 мың тонна, тасымалданғаны 16 мың тн. (15%). Қазіргі кезде тек қана «КентауСервис» МКК тасымалдануда. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады», - деді М.Марайым.
Сонымен бірге, баспасөз жиынында басқарма басшысы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына да тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты тұрғын үй орталық қазандыққа қосылуы тиіс. Әзірге, 1150 тұрғын үй жылу беруге дайын болса, мұның үлестік салмағы 49 пайызға тең.
Тілшілермен болған кездесуде анықталған тағы бір ақпар, сала мамандары «Нұрлы жол» бағдарламасы және облыстық бюджет қаржысы арқылы орталықтандырылған жылу құбырларының 31 шақырымын (барлығы 58,3 шқ.) қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізген. Ал орталықтандырылған ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына келсек, жөндеуден өтуі тиіс 75,3 шақырым су құбырының қазіргі таңда 50,4 шақырымы (67%) жұмысқа сақадай сай. Жұмыстарды аяқтау қазан айының 15-не жоспарланған.