Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтуі керек жекпе-жекке қатысты қиындықтарды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтетін болды. Бұл туралы қазақстандық боксшы журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында айтты.
"Дайындық созылып кетті, ұзақ уақытқа. Желтоқсанда бабыма келдім. Одан кейін ақпанға ауыстырды, оған дайындалдым. Енді бәрі сәуірге шегерілді. Көңілге бір демеу болары, екеуміз де осындай жағдайда екеніміз және бұл біздің кінәмізден еместігі. Алайда екінші жағынан желтоқсанда бабыма келіп, осы уақытқа дейін екі-үш жекпе-жек өткізіп тастауға болар еді. Міне бұл өкінішті", - деді боксшы.