05 қаз, 2023 сағат 15:54

Нұржан Батырбеков - Азия ойындарының жеңімпазы


Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз финалда БАӘ-ден келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді. Екі спортшы да 21 жаста.

Сондай-ақ осы спорттан Алдияр Серік (69 кг), Мансұр Хабибулла (62 кг) қола медаль алды.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін стенд атудан екі, велоспорттан екі, нысана көздеуден бір, каноэ және байдарка есуден бір алтын медаль жеңген.

Қазір Қазақстан 7 алтын, 12 күміс, 36 қоламен 11-орында тұр. Жалпы есепте Қытай (174 алтын, 96 күміс, 53 қола) бірінші, Жапония (37-51-59) екінші, Оңтүстік Корея (33-45-72) үшінші орында келеді. Өзбекстан (16-16-22) бесінші, Қырғызстан (3-0-4) 18-ші, Тәжікстан (2-1-4) 23-орында тұр. Түркіменстан бір күміс, төрт қоламен 29-орында.