«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 769,6 млрд теңгенiң 304,4 млрд теңгесi игерiлдi. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BNews.kz порталына сілтеме жасап.
«1 қыркүйектегi мәліметке сәйкес «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 769,6 млрд теңгенiң 304,4 млрд теңгесi игерiлдi. Оның iшiнде мақсатты трансферттер бойынша игерiлген қаражат сомасы 269,5 млрд теңгенi құрады», - деп баяндады министр.
Көлiк-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 197,7 млрд теңге қарастырылған, игерiлген қаражат сомасы 99,7 млрд теңгенi құрады. Ал жылу және сумен жабдықтау жүйесiн жаңғыртуға 90 млрд теңге бөлiнсе, оның 55,2 млрд теңгесi игерiлдi.
«Тұрғын үй салу мен инфрақұрылымды тартуға барлығы 329,7 млрд теңге көзделген. Инфрақұрылымға 78,5 млрд теңге қарастырылды, оның 37,7 млрд теңгесi игерiлдi. 702 км инженерлiк желi салынды.Тұрғын үй құрылысына 251,2 млрд теңге бөлiндi. Бүгiнгi күнi 900 мың шашы метр баспана салу үшiн 178,3 млрд теңге сомаға шарттар жасалды», - дедi ол.
Бұдан бөлек, бiлiм нысандарын салуға 60,9 млрд теңге қарастырылған, оның 32 млрд теңгесi игерiлдi.
Айта кетейiк, Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Отырыста биылғы жылдың 8 айындағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы уақыттағы маңызды мақсат-мiндеттер айқындалады.