19 қыр, 2019 сағат 15:18

Nur Otan қатарын «тазартып» жатыр

«Nur Otan» соңғы 2,5 айдың ішінде партиялық тәртіпті бұзған 79 мыңнан астам мүшесін партия қатарынан шығарды. Бұл жайында «Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз партияда беделінде мін жоқ әрі белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар ғана қалуы тиіс деген қағиданы ұстанамыз. Сондықтан Жарғы Әдеп кодексін тұзып, партиялық тәртіпті сақтамағаны, партиямен балйанысты үзгені үшін қатарымызды тазартып жатырмыз. Тек соңғы 2,5 айда ғана партиялық тәртіпті бұзғаны үшін партия қатарынан 79 мыңнан астам адам шығарылды», - деп жазады ол.

Оның атап өтуінше, соңғы үш аптада партиялық бақылау комиссиясы 46 жеке істі қарап, оның 22-сі бойынша тиісті партиялық органдарға Әдеп кодексін, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы бұзғандарды партия қатарынан шығару туралы ұсыныс берілген. Және де барлық 22 мемлекеттік шенеунік партия қатарынан шығарылған.