"Норвегияның оңтүстігіндегі Хардангервидда ұлттық саябағында 323 бұғының өлексесі табылды. Жануарларға жай түскен", - деп хабарлайды Bnews.
Қорықшы жануарлардың жаппай қырылып қалғанын 26 тамыз күні байқаған, алайда билік оқиға орнына екі күннен соң ғана келіпті.
«Біздің адамдар 323 бұғының өлексесін тапты, оның бесеуін жарақатына байланысты өлтіруге мәжбүр болдық», - дейді Норвегияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің өкілі Элин Фоссханг Олсё.
«Өлекселер бір-біріне жақын жатыр. Соған қарағанда бұғылар бір мезетте өлген. Осыншамажануардың жай түсіп қырылып қалуы алғаш рет кездесіп отырған жағдай», - деп толықтырды Олсё.