Фото: ҰОК
Париж Олимпиадасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әйелдер арасындағы финал аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтық сында жарыс жолына шыққан қазақстандық Нора Джеруто жүлдегерлер қатарына ене алмады.
Ол мәре сызығын тоғызыншы болып кесті.
Осылайша, Қазақстан жеңіл атлетикадан жүлдесіз қалды.