13 қаз, 2016 сағат 15:54

Нобельдің әдебиет бойынша сыйлығы рок-музыкантқа берілді

Американ ақыны әрі музыкант Боб Дилан Нобель сыйлығының әдеби саладағы лауреаты атанды, - деп хабарлайды BBC News. Сыйлық оған «Американың кереметтей ән дәстүрі аясында жаңа поэтикалық тіл туғызғаны үшін» деген формулировкамен берілді.

Боб Дилан 1941 жылы Миннесотада дүниеге келген. Алғашқы альбомын 1962 жылы шығарды.

Бүгінге дейін барлығы 35 альбом жариялады. Оның әндері АҚШ-та соғысқа қарсы және азаматтық құқықтар үшін күресетін қозғалыстардың бейресми әнұранына айналған.

2010 жылы Rolling Stone журналы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша Дилан рок-музыкада Битлздан кейін нөмірі екінші орындаушы болып танылды.

Ал Time журналы оны ХХ ғасырдағы ең ықпалды 100 адамның қатарына қосты.

Нобельдің жарғысында «Әдебиет дегеніміз тек беллетристика ғана емес, оған формасы және стилі бойынша әдеби құндылығы бар басқа да шығармаларды жатқызуға болады»

"Егемен Қазақстан"