Фото: One.uz
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қаза болғандардың арасында 21 наразылық қатысушысы, тоғыз тұтқын және үш полицей бар. Сонымен бірге түрлі жарақат алғандар саны 1,3 мыңнан асты. Бұл туралы непалдық басылымдар хабарлады.
Полиция дерегінше, наразылық кезінде түрмеден қашып шыққан 12,5 мыңнан астам тұтқын әлі де бостандықта жүр.
Жемқорлыққа және биліктің ірі әлеуметтік желілердің көпшілігін бұғаттау шешіміне қарсы акциялар Непалда 8–9 қыркүйекте өтті. Ұйымдастырушылар бұл толқуларды "Z буынының наразылығы" деп атады, өйткені қатысушылардың басым бөлігі жастар болды.
Митингілер тәртіпсіздік пен полициямен қақтығысқа ұласты. Нәтижесінде үкімет әлеуметтік желілерге қойылған шектеуді алып тастап, премьер-министр К.П. Шарма Оли отставкаға кетті.
