12 мам, 2022 сағат 19:13

Назым Қызайбай әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

©Olympic.kz

Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын сәтсіз өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай колумбиялық Ингрит Лорена Валенсиямен кездескен. Төрешілер жеңісті 3:2 есебімен колумбиялық боксшыға берді.

Айта кетейік, Қызайбай 2014 және 2016 жылы әлем чемпионы атанған. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (52 келіге дейін), Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (70 келіге дейін) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

Ал Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін) және IBA командасымен шыққан қазақстандық Ангелина Лукас (52 келіге дейін) Ыстамбұлдағы жарысты ерте аяқтаған.

Бұл турнирде алтын медаль алғандарға 100 мың доллар, финалистерге 50 мың доллардан беріледі. Ал қола жүлдегерлер 25 мың доллар көлемінде сыйақы алады.