24 қаз, 2025 сағат 15:35

Назарбаевтың немересі Алтай Асқар туралы тың деректер шықты

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың үлкен ұлы Алтай Асқардың Кипр азаматтығын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

«Выход к морю» Telegram арнасының хабарлауынша, ол 2019 жылы Кипрдің инвестициялық «алтын паспорт» бағдарламасы арқылы азаматтыққа өтініш берген және сол жылы азаматтыққа ие болған. Бағдарламамен құжат алу шамамен 1 миллиард теңге тұраған деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Politico.kz сайтына сілтемемен.

Алтай Асқардың Кипр азаматтығынан бөлек, Швейцария резиденттік картасы бар, ал Мәскеу-Ситидегі «Меркурий» мұнарасынан пәтері бар. Сондай-ақ, Дубайдағы Palm Jumeirah аралында орналасқан Marina Residences кешенінен 633 шаршы метрлік кең пәтері бар, оның құны шамамен екі миллиард теңгеге бағаланған.