01 шіл, 2021 сағат 23:20

Назарбаев ресейлік саясаткерлердің Солтүстік Қазақстан туралы сөзіне пікір білдірді


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік саясаткерлердің Қазақстанның солтүстік облыстары туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Олар Ресейдегі Сібірдің аумағы туралы: "Біз Сібірді бөлуіміз керек" дейді. Бұл да сол тәрізді. Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров Қазақстанға ешқашан аумақтық талаптар болмағанын және жоқ екенін айтты. Басқа барлық сұрақ ресми жоспарда нақты көрсетілуі керек. Бүгінде кім не айтпай жүр? Саясаткерлер бәрін айтады. Бұның бәрі шығыс Украина, Крым аясында көтеріліп отыр. Біреуден алдық, біреуге бердік. Сыйға тарттық деген сияқты. Содан шығып отыр. Осындай әңгіме болған", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмі аясында берген сұхбатында.

Еліміздің Тұңғыш Президенті мұндай мәлімдемелерге назар аудармауға шақырды.

"Қайдағы жерді сыйлыққа берді? Егер біз Алтын Орданың мұрагері болсақ, онда Мәскеу княздігі оларға салық төлеген. 800 жылдық оқиғаны еске түсіруіміз керек пе? Сондықтан мұндай мәлімдемелерге назар аударудың қажеті жоқ. Қазір Интернет, сөз бостандығы. Ресейдің ресми билігі не дегейтіні маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.