23 мау, 2017 сағат 18:35

Назарбаев полицейлердің жалақысы 25 пайызға өсетінін жариялады

Нұрсұлтан Назарбаев полицейлердің жалақысы 25 пайызға өсетінін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚР ІІО құрылуына 25 жыл толуына орай полицейлермен кездесуінде мәлімдеді. Айтуынша, жалақы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өседі. 

"Халық сіздерге қарап мемлекеттік билікке баға береді. Осыған байланысты полицей өзгеге үлгі болуы тиіс. Қазақстандық полицейлер игі ісін бұдан кейін де сәтті жалғастыруға күшін де, тәжірибесін де және энергиясында жұмсайды деп сенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.