18 ақп, 2022 сағат 11:05

Нақты күні белгіленді. "Канело" Головкинмен жекпе-жекке келісті


Мексикалық Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр салмақтағы ресейлік Дмитрий Бивол және Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу бойынша келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді инсайдер Майк Коппинжер. Ендігі кезекте қазақстандық өз жауабын беру керек, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бивол да келісімшартқа қол қойған екен. Жекпе-жектердің нақты күндері да белгіленіп қойған.

""Канело" Альварес Matchroom компаниясымен DAZN платформасында екі кездесу өткізу бойынша келісімшартқа қол қойды. 7 мамыр Дмитрий Бивол және GGG 17 қыркүйек. Бивол келісімшартқа қол қойды. Головкин әлі келіспеді: әзірге кейбір мәселелерді шешуде. Оған дейін ешқандай келісім болмайды", - деп жазыпты Коппинджер.