Ауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкийдің (18-0, 17 КО) франциялық Жоан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңуі Bild шолушысы Ральф Шмидтті тамсандырды. Сарапшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшының болашағы туралы ойын айтты.
"Кособуцкий - нағыз құбыжық. Оның кезекті жеңісі жарқын әрі қатал болды. Дюопа өзін шыдамды және жақсы боксшы ретінде көрсетті, бірақ, қазақстандықтың соққыларына төтеп беру мүмкін емес еді. Жоан бұл жекпе-жек өте ауырға түскенін айтып, карьерасын аяқтады. Бұл қазақстандықтың сұмдық қуатының көрсеткіші емес пе? Енді ол элиталы қарсыластармен шыға алады. Егер бәрі жақсы болса, Жан келесі жылы чемпиондық айқасқа шыға алады деген ойдамын", - дейді Шмидт.