Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы маусымдағы алғашқы әлем кубогі кезеңінен жүлде алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
1500 метрге жарысудан А тобында сынға түскен Надежда Морозова қола жүлдегер атанды. Ол 01:56.925 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке еніп отыр.
Алтын медальді жапондық Михо Такаги (01:56.000), күмісті америкалық Бриттани Боуи (01:56.606) жеңіп алған.
Айта кетелік, бүгін әлем кубогі алғашқы кезеңінің соңғы жарыс күні өтуде.