14 қаз, 2025 сағат 15:16

Мұстафа Өзтүріктің қызы ата-бабасының отаны - Абай облысына барды

Фото: Абай облысы әкімдігі

Неслихан Өзтүрік қазіргі уақытта Германияның Мюнхен қаласында тұрады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Мен Германияда туып-өстім. Абай еліне, Семей қаласына алғаш рет келіп отырмын. Ата-бабаларымның туған жеріне келіп, ерекше сезімді бастан кешіп отырмын», – деді Неслихан Өзтүрік.


Ол облыс әкімімен кездесті. Кездесу барысында Мұстафа Өзтүрік есімін ұлықтау, оның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау жайы сөз болды.