коллаж: Tengrinews.kz
Әлемнің экс-чемпионы Хайме Мунгия Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке қарсы емес екенін, бірақ басқа да қарсыластарды қарастырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
WBO бұған дейін боксшылар арасында "уақытша" атақ үшін жекпе-жекке рұқсат берген.
"Хайме Мунгия @ESPNKnockOut-та Жәнібек Әлімханұлына қарсы "уақытша" титул үшін жекпе-жек туралы айтты: "жекпе-жек өткізсек, жақсы болар еді, бірақ өзім Чарло, Головкинге қарсы әлем чемпионы титулы үшін күрескім келеді", - деп келтірді оның сөзін журналист Леви Луна.
Қазақстандық бұған дейін Мунгиямен өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты реакция білдіріп, дайындығын көрсетті.
"Жақсы жаңалық бар. WBO әйгілі мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізу туралы шешім шығарды. Жекпе-жек WBO-ның "уақытша" чемпионы атағы үшін өтеді.
Келісімге қол жеткізілген жағдайда, мексикалық Андраде сияқты басқа салмаққа ауыспаса, бұл біз үшін жақсы болады. Хайме Мексикада "Канелоға" ғана жол береді. Бокс әлемінде танымал. Жеңілмейтін жұлдыз! Рекорд 39-0. Оның 31-ін нокаутпен жеңді!
Біз дайынбыз. Биыл жарқырап көрінеміз. Әлемді QAZAQ STYLE-мен таныстырайық!"- деп жазды Жәнібек Instagram-да.
811 рет оқылды