IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері жапон Риота Муратамен жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Шара Токиода өтті. GGG оған онлайн түрде қатысты.
"Екі чемпионның басын қосатын тамаша жекпе-жек болғалы тұр. Мурата айтқандай, біз кездесіп, бірлесіп жаттығу өткіздік. Мен оның күшін құрметтеймін. Алтын медаль алып, әлем чемпионы атанған спортшы.
Жапонияда бірінші рет жекпе-жек өткізу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жолы Муратаның туған елде кездесеміз. Ұзақ келіссөздерден кейін ақыры шешім қабылданды. Мұнда Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жекпе-жек өткізді. Осыған қатысты болғаныма қуаныштымын", - деді қазақстандық.