26 нау, 2020 сағат 09:35

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша 1,04 пайызға өсіп, барреліне 30,05 доллар болды.

Соңғы рет аталған маркалы мұнай бағасы 2020 жылдың 20 наурызында 30 баррельден жоғары болатын. WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 0,24 пайызға өсіп, баррелі 24,55 долларға саудалануда.