15 там, 2019 сағат 06:35

Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір арзандады

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында cәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,92 долларға арзандап, бір баррелі 58 99 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,87 долларға төмендеп, бір баррелі 55,23 доллар болды.