14 мам, 2020 сағат 14:06

Мұнай бағасы көтеріліп келеді

Бүгін, яғни бейсенбіде мұнай бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған Investing.com сайтындағы биржалық сауда деректері дәлел. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерс бағасы ICE Futures Лондон биржасында қазіргі уақытта барреліне $30,24 болып тұр. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезіндегі бағасынан $1,04-ға (3,56%) артық. Ашылу кезінде Brent барреліне 29,41 долларға саудаланды, бұл жабылу кезіндегі ($29,19) сауда дәрежесінен 22 центке жоғары.