Соңғы сегіз жылдан бері алғаш рет Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) қара алтын өндірісін азайту туралы шешім қабылдады. Осы шешімнің арқасында бір баррель мұнай бағасын 60 долларға көтерілмек, деп жазады reactor.inform.kz.
Мұнай өндірісі мен қорының көптігінен баға құдырап келген еді. 30-қараша күні мұнай экспорттаушы мемлекеттер өндірісті қысқартып, мұнай қорын азайту туралы бітімге келді. Ал тоғыз айда бір баррель мұнайдың бағасы 70 долларға көтерілуі тиіс. Бұл пікірді Венесуэланың мұнай өнеркәсібі министрі Эулохио дель Пино айтты.
МЭЕҰ мұнай өндірісін күніне 32,5 млн баррельге қысқартпақ. Бұған дейін сарапшылар мұнай бағасының 2017 жылдың соңына дейін құлдырайтынын айтқан болатын.