19 мам, 2017 сағат 13:52

Мұхтар Құл-Мұхаммед Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Жамбылдықтар Мұхтар Құл-Мұхаммедке сүт өндірісімен айналысатын 40-тан астам шаруа қожалықтарынң басын біріктіретін «Мерке сыр зауыты» ЖШС көрсетті.

Жамбылдық фермерлер Президент тапсырмасын орындау үшін ірі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігіпті.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын аграрлық саланы дамыту үшін миллиардтаған ақша бөлінеді. Ол қаражатты тиімді игеру үшін шағын шаруа қожалықтары ірі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуі тиіс.  Мерке ірімшік зауыты 40-тан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын біріктіреді. Бұл Президент тапсырмасын орындаудың жарқын мысалы», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Таразда болған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Арай» тұрғын алқабындағы көп пәтерлі үйлердің құрылысы барысымен танысты. Бес қабатты 19 үй «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынуда. Пәтерлердің бір бөлігі «Байтерек Девелопмент», бір бөлігі  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» арқылы бөлінуде, пәтерге кезекте тұрғандар үшін де коммуналдық тұрғын үй қорынан шаршы метрлер бөлу қарастырылған.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, нұротандықтар құрылыс нысандарын салу үшін бюджеттен бөлінген қаржының толық игерілуі үшін бар күшін салуы тиіс; үйлер барлық технологиялық нормаларға сәйкес салынып, қоныстанушылар өз пәтерлерінің кілттерін белгіленген мерзімде алуы керек.. «Маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына партиялық мониторинг пен бақылауды орнату партия Төрағасының тікелей тапсырмасы болып табылады», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

"Ұлт ақпарат"