Фото: ҚР ЭМ
Moody's Investors Service Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингін Baa1 деңгейінде сақтап, болжамын «Тұрақты» деп растады, деп хабарлайды Ult.kz.
Халықаралық агенттік мұндай шешімді елдің төмен мемлекеттік қарызы, оған қызмет көрсетудің жоғары деңгейі және қомақты фискалдық резервтері арқылы сыртқы күйзелістерге төтеп бере алу қабілетімен байланыстырды.
Moody's сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның орнықты экономикалық өсімі мен дағдарыстарға бейімделу мүмкіндігі де рейтингті қолдап отыр.
Агенттік Салық кодексіне енгізілетін түзетулерге назар аударды. Онда корпоративтік және табыс салығын өзгерту, сондай-ақ ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қарастырылған.
2025 жылы бюджет тапшылығы қалыпты деңгейде сақталады деп күтілуде. Ал мемлекеттік қарыздың көлемі Baa санатындағы елдер арасында ең төмен көрсеткіштердің бірі болып қала береді.
Moody's атап өткендей, институционалдық және экономикалық реформалардың жалғасуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономиканы әртараптандыру процесін жеделдетуі мүмкін.
