22 сәу, 2021 сағат 19:01

Момыновтың Нью-Йоркте өтетін жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

22 сәуірден 23 сәуірге қараған түні қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) «Найзағай» деген лақап аты бар мексикалық Анхель Руиспен (16-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бокс кешінің тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен 04:30-да басталады және оны мына жерден көруге болады. 

Момынов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізді. Ол кезде судьялардың көпшілігінің шешімімен ресейлік Вагинак Тамразянды жеңген болатын (17-8, 5 КО). Руиске келетін болсақ, ол 2019 жылдың қазан айынан бастап рингке шықпады. Сол жылы ол профиде бірінші рет жеңіліске ұшырады: екінші раундта Пуэрто-Рико боксшысы Хавьер Флорес (15-3, 13 КО) нокаутқа түсірген еді. 

Анхель Руистің әйгілі тәлімгер Мэнни Роблестің басшылығымен жаттығатынын айта кеткен жөн. Тәлімгер бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энди Руиспен бірге жұмыс істеген.

Еске салсақ, Бобыржан Момыновтың қарсыласы өзгерген болатын.