04 қар, 2025 сағат 10:51

"Мөлдірден кешірім сұрағым келеді": Жахан Отарғалиев маңызды мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Танымал актер Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқанованың басына түскен қиын сынақта қолдау көрсетіп, жаппай киносына баруға шақырды, деп хабарлады Ult.kz.

Актер Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында біраз уақыт тұрғанын, жеңгесінің қолынан талай рет шай ішкенін жеткізді. 

"Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнерге келуіме себеп болған ол - Тұрсынбек ағам. Үйінде тұрып, жеңгемнің шәйін ішіп екеуімен де жақсы араласқанмын, екеуін бірдей сыйламын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын", - деп жазды әзілкеш.


Актер Мөлдір Мұқановадан үйлерінде тұрғанда попугайларын өлтіріп алғаны үшін кешірім сұрады.